ПОДЕЛИТЬСЯ
29 мамырда Астана уақытымен 2:14-те Жетісу облысы Ақши ауылы маңында жер сілкінісі тіркелді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше,жерасты дүмпулері сезілмеген.
"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында,Жетісу облысы Алакөл ауданы Ақши ауылынан 11 шақырым жерде,Алматыдан 478 шақырым солтүстік-шығыста орналасқан",– делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түспеген.
ТЖМ "Қазселезащита" мемлекеттік мекемесінің мамандары өзен арналары,гидротехникалық құрылыстар,көшкін және сел жүру қаупі бар учаскелерді тексерген.
"Сондай-ақ,тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарының зақымдану ықтималдығы бойынша көзбен шолу жүргізілді. Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталған жоқ,аталған нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр",– деп мәлімдеді министрлік.
Ведомствоның мәліметінше,жағдай тұрақты.