Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды

May 26, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшіс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды",- деп жазылған хабарламада.


Ерболат Досаев туралы не белгілі?

Ерболат Досаев 1970 жылғы 21 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын,Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.Қызмет жолы:


1997 ж. – "Тұран Әлем Банкі" ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары,"АТФ Банк" ЖАҚ Басқарма Төрағасы;


1998 ж. – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі;


1998 ж. – Қазақстан Республикасының энергетика,индустрия және сауда вице-министрі;


2000 ж. – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі;


2001 ж. – Қазақстанның Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы;


2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар,бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы;


2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Басқарма мүшесі;


2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі;


2006-2012 жж. "Қазинвестбанк" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;


2012 жылғы 25 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.


2013 жылғы 16 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.


2014 жылғы 6 тамызда ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.


2016 жылғы мамырдан бастап 2017 жылғы тамыз аралығында – "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.


2017 жылғы тамыздан бастап 2019 жылғы ақпан аралығында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымында жұмыс істеді.


2019 жылғы 25 ақпанынан бастап 2022 жылғы қаңтар аралығында – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы.


2022 жылғы 31 қаңтардан бастап Президент жарлығымен Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды.


"Құрмет","Парасат" ордендерімен,"Қазақстан Конституциясына 20 жыл" мерекелік медалімен марапатталған.