Алматыда автобус пен жеңіл көлік жол апатына ұшырап, төрт адам зардап шекті

May 23, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік жол апатына ұшырады. Оқиғаның мән-жайын Пол

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөлік жол апатына ұшырады. Оқиғаның мән-жайын Полиция департаменті мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апаты 22 мамырда кешкі сағат 22:25-те Түрксіб ауданында болған.

"Автобус жүргізушісі Рысқұлов даңғылы бойымен келе жатып,кері бұрылған кезде қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi көлігімен соқтығысқан. Соқтығысудың салдарынан Audi жүргізушісі мен оның үш жолаушысы түрлі жарақаттар алды",– деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.