Қазақстандық түлек әлемнің 86 университетінен шақырту алды

May 21, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Түркістан облысы Арыс қаласындағы Абай атындағы Білім-Инновация лицей-интернатының түлегі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Арыс қаласындағы Абай атындағы Білім-Инновация лицей-интернатының түлегі,18 жастағы Айсұлтан Алтынбек таңғаларлық нәтиже көрсетті,оны әлемнің 9 елінен 86 жоғары оқу орны шақырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Лицейіміздің мақтанышы Алтынбек Айсұлтан әлемнің 9 еліндегі 86 университеттен шақырту алды. Олардың ішінде ең беделді 10 халықаралық университет бар",- деп жазылған хабарламада.

Айсұлтан шақырту алған үздік университеттер қатарында мына ЖОО-лар бар:

Budapest University of Technology and Economics

Eötvös Loránd University

University of East London

Albion College

Hampshire College

Drexel University

DePaul University

CU Boulder (University of Colorado Boulder)

Drake University

Temple University

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Арыс "Білім-Инновация" лицейі (@bil.arys)

"Бұл оқу орындары - жаһандық рейтингтерде жоғары орын алатын,ғылым,технология,бизнес және әлеуметтік ғылымдар саласында жетекші университеттер. Айсұлтанның жалпы иеленген гранты - $4 614 000. Бұл - үлкен еңбек пен мақсатқа деген адалдықтың нәтижесі",- деп жазылған хабарламада.