Free Fire-ға 2 миллион теңге: Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды

May 16, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілт

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте оқушыны алдаған алаяқ ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция департаментінің киберпол қызметкерлері "Anti-fraud" іс-шарасы аясында интернет-алаяқтық жасаған ер адамды ұстады.

"Ол "Free Fire" мобильді ойынының жетілдірілген аккаунтын сатамын деп өзгенің 2 миллион теңгеден астам қаражатын иемденген. 6-сынып оқушысы ұсынысқа қызығып,күдіктінің нұсқауы бойынша анасының банк картасын суретке түсіріп,карта деректері мен аударым жасауға арналған кодты жолдаған. Шотында ақшаның жоғалғанын байқаған анасы полицияға жүгінді",- делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталып,ұсталды.

Полиция ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы жиі ескертіп отыруға кеңес береді. Бөгде адамдарға банк деректерін ешқашан хабарламау керектігін әрдайым еске салып жүрген абзал.