“Екі әйнегі бар“. Алматыда көлігінің терезесін қараңғылатқан жүргізуші ұсталды

May 13, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда көлік терезелерін қараңғылап алған жүргізуші анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz ті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда көлік терезелерін қараңғылап алған жүргізуші анықталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда патрульдік полиция қызметкерлері терезелері қараңғыланған көлік жүргізушісін ұстады. Тәртіп сақшылары "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматының Түрксіб ауданында 24 жастағы ер адам тізгіндеген Hyundai көлігін тоқтатқан.

Видеода көліктің екі әйнегі бар екені көрінеді: бірі - күңгірт,екіншісі - жай әйнек. Нәтижесінде,бір ғана батырманы басу арқылы екі терезені ауыстыруға болады. Полиция мәліметінше,жүргізуші қараңғылатылған әйнекпен жүрген сәтінде тоқтатылып,ұсталған.

Тексеру барысында заңбұзушылық дерегі анықталып,жүргізушіге шара қолданылған.