Алматыдан 234 шақырымда жер сілкінісі болды

May 12, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 234 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді,- деп хабарла

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 234 шақырым жердегі жер сілкінісін тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жер асты дүмпуі 12 мамырда Астана уақытымен сағат 06:33-те тіркелді.

"Эпицентрі Қырғызстан аумағында,Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 234 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,4. MPV магнитудасы - 4,8",- деп жазылған хабарламада.

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген. Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқыны мынадай болды:

Жаңа талап,Аққия,Көк-жар ауылдарында - 3,5 балл;

Қыдырәлі,Сары-Иймек,Байченчек - 3 балл.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!