“Әрбір заңбұзушылыққа реакция болады“ - Полиция блогер Daricorn-ның видеосы туралы

Apr 23, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Teng

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал блогер Дариға Нұркеева (Daricorn) әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше,интернет-кеңістігін талдау барысында,белгілі блогер-қыздың жол қозғалысы ережесін демонстративті және өрескел бұзғаны – сигнал бермей,кенеттен қозғалыс жолағын ауыстырып,апаттық жағдай тудырған видео анықталған.

"Тергеу қорытындысы бойынша құқық бұзушы ҚР ӘҚбК-нің 595-бабы 1-бөлігі (сигнал беру талаптарын орындамау) және ҚР ӘҚбК-нің 606-бабы 1-бөлігі (апаттық жағдай туғызу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды",- делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше,мұндай әрекеттер жай ғана жауапсыздық емес,ол басқалардың өмірі мен денсаулығына қасақана қауіп төндіру. Мұның бәрі интернеттегі лайк пен қаралым үшін жасалады.

"Танымалдылық деңгейі,жазылушылардың саны жауапкершіліктен босатпайды. Заң - бәріне бірдей. Жазаның бұлтартпау принципі бәріне қолданылады.

Алматы полициясы ескертеді: заңбұзушылық бар әрбір бейнеден кейін - реакция болады. "Бәріне рұқсат" тақырыбында хайп жасау әрекеттері қатаң құқықтық бағаға ие болады",- делінген хабарламада.