Алматыда Наурыз мейрамы кезінде бірнеше көше жабылады

Mar 18, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты көшелер уақытша жабылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тіл

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Наурыз мерекесіне байланысты көшелер уақытша жабылады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда Наурыз мейрамын атап өтуге дайындық және мерекелік іс-шараларды өткізу аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

"19-23 наурыз аралығында Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігі жабылады",- делінген хабарламада.

Осыған байланысты,көрсетілген кезеңде 10 қоғамдық көлік бағытының қозғалыс сызбасына өзгеріс енгізіледі.

Бұл №16,37,48,126,201,205,206,209,210 және 224 бағыттары. Астана алаңын шығыс бағытында Қабанбай батыр көшесі арқылы,батыс бағытта Бөгенбай батыр көшесі арқылы айналып өтуге болады. Ал №16 және 126 бағыттар бұл аумақты Гоголь көшесі арқылы айналып өтеді.

"Сонымен қатар,22 наурызда сағат 06:00-ден 11:30-ға дейін Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейінгі Абай даңғылы уақытша жабылады.

Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап,балама жолдарды таңдап алуларыңызды сұраймыз".