Қазақстанның қай өңірінде әйелдер көп тұрады?

Mar 10, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Қазақстандағы әйелдер саны - 10 381 377,бұл - еліміздегі жалпы халық санының 51,1%-ы,- деп хабарлайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандағы әйелдер саны - 10 381 377,бұл - еліміздегі жалпы халық санының 51,1%-ы,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейінгі он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өсті. Әйелдердің 64,4%-ы қалада,35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады.

Өңірлер бойынша статистика қандай?

Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді: мұнда 1,2 млн әйел тұрады.

Екінші орында Түркістан облысы тұр,мұнда 1 млн әйел тұрады.

Үшінші орында 803 мың аруы бар Астана тұр.

Кейінгі он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған: 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%-ға,Маңғыстау облысында 32,5%-ға өскен.

Айта кетейік,Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы - 34,1 жас. Сонымен қатар,бүгінде 4,4 млн әйел әртүрлі cалада жұмыс істейді,олардың басым бөлігі білім беру,сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді.