Өмір

Ұлытау облысында басқарма басшысы сотталды

Feb 28, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Ұлытау облысының Мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды,- д

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау облысының Мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жезқазған қалалық соты Облыстың Мәдениет,тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Омар Ә.,оның қарамағындағылар – тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А. Сарбаеваға,"Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы" КМҚК басшысы Г. Жолашароваға және "Тілдерді дамыту ресурстық орталығы" КММ басшысы Ж. Оспановаға,сондай-ақ жеке компанияның өкілі О. Талғатқа қатысты үкім шығарды.

Олар Жезқазған қаласында 3,9 миллион теңге сомасына мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жөнінде қосымша келісім жасасу арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды",-делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша,Омар 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылса,оның қатысушыларына 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар,сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.