Адвокат пен алматылық ғимаратты заңдастыру әрекеті үшін сотталды

Feb 26, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р.Наинбаев және қала тұрғындары Д.Тұяшев,Г.Сәкенова сотталды.

"Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден аса пара беруге қала тұрғындарын арандатқаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды",- деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл,Тұяшевқа 4 жыл және Наинбаевқа 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылады.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.