Көктайғақ және тұман: Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Feb 19, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ \"Қазгидромет\" Алматыдағы 19-21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" Алматыдағы 19-21 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

19 ақпан – күн құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі,жолдарда көктайғақ. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -4...-6°C,күндіз +4...+6°C.

20 ақпан – күн құбылмалы бұлтты,жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман,көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде -3...-5°C,күндіз +3...+5°C.

21 ақпан – күн құбылмалы бұлтты,түнде қар,күндіз жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман,көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде -3...-5°C,күндіз +3...+5°C.