Өмір

30 градус аяз және боран: 13 ақпандағы ауа райы болжамы

Feb 14, 2025 IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет 13 ақпан,бейсенбіде Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада – ауа райы құбылмалы,кей жерлерде аздаған қар,боран күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с,күндіз екпіні 23-28 м/с. Температура түнде -13...-15°C,күндіз -5...-7°C.

Алматыда – ауа райы құбылмалы,түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман,жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 2-7 м/с. Температура түнде -7...-9°C,күндіз +1...+3°C.

Шымкентте – ауа райы құбылмалы,кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр,қар),тұман,көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан соғады - 5-10 м/с. Температура түнде -3...-5°C,күндіз +4...+6°C.

Ақмола облысында – аздаған қар,боран. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с,таңертең және күндіз батыс,оңтүстік,шығыс аймақтарда 23-28 м/с,кейде 30 м/с және одан жоғары. Температура түнде -13...-18°C,солтүстікте -10°C,күндіз -3...-8°C.

Көкшетауда – ауа райы құбылмалы,таңертең және күндіз аздаған қар,төменгі боран. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с. Температура түнде -10...-12°C,күндіз -6...-8°C.

Алматы облысында – түнде оңтүстігінде аздаған қар,тау аймақтарында қар,күндіз оңтүстігінде және тау аймақтарында аздаған жауын-шашын (негізінен қар). Кей жерлерде тұман,жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде -5...-10°C,солтүстікте,тау аймақтарында -15...-20°C,күндіз 0...+5°C,тау аймақтарында -5°C.

Қонаевта – ауа райы құбылмалы,түнде аздаған қар. Кей жерлерде тұман,жолдарда көктайғақ. Жел шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде -8...-10°C,күндіз 0...+2°C.

Жетісу облысында – түнде оңтүстігінде,шығысында және тау аймақтарында қар,орталығында аздаған қар,күндіз батысында,шығысында және тау аймақтарында жауын-шашын (қар,жаңбыр). Түнде және таңертең шығысында және тау аймақтарында тұман. Жел батыстан 9-14 м/с,шығысында екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -9...-14°C,оңтүстігінде -5°C,тау аймақтарында -19°C,күндіз -3°C-ден +2°C-ға дейін,оңтүстігінде +5°C,шығысында,тау аймақтарында -8°C.

Талдықорғанда – ауа райы құбылмалы,түнде аздаған қар. Жел батыстан 7-12 м/с. Температура түнде -9...-11°C,күндіз 0...+2°C.

Түркістан облысында – батысында,оңтүстігінде,тау және тау бөктері аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр,көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 8-13 м/с. Температура түнде 0...-5°C,солтүстігінде -8°C,күндіз +2...+7°C,солтүстігінде -3°C. Түркістанда – ауа райы құбылмалы,түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр,көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Температура түнде -3...-5°C,күндіз +4...+6°C.

Батыс Қазақстан облысында – жауын-шашынсыз. Батысында,оңтүстігінде тұман. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Температура түнде -10...-15°C,оңтүстігінде -7°C,күндіз 0...-5°C. Оралда – Ауа райы құбылмалы,жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 7-12 м/с. Температура түнде -10...-12°C,күндіз -1...-3°C.

Атырау облысында – жауын-шашынсыз. Батысында,солтүстігінде,оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстіктен,оңтүстік-батыстан 5-10 м/с. Температура түнде -6...-11°C,күндіз -4°C-тан +1°C-ға дейін.

Маңғыстау облысында – жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батысында,орталығында жолдарда көктайғақ. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып 5-10 м/с. Температура түнде -3...-8°C,күндіз -2°C-тан +3°C-ға дейін.

Ақтөбе облысында – жауын-шашынсыз. Батысында,оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан,батыстан 7-12 м/с. Температура түнде -10...-15°C,солтүстігінде -18°C,күндіз -2...-7°C,солтүстігінде -10°C.

Қостанай облысында – жауын-шашынсыз. Батысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан,батыстан 9-14 м/с,таңертең және күндіз солтүстігінде,оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -9...-14°C,шығысында -17°C,күндіз -4...-9°C..

Солтүстік Қазақстан облысында – күндіз солтүстігінде,шығысында аздаған қар,төменгі боран. Жел оңтүстік-батыстан,батыстан 15-20 м/с,екпіні 23-28 м/с. Температура түнде -10...-15°C,оңтүстік-батысында -18°C,күндіз -5...-10°C.

Павлодар облысында – күндіз қар,төменгі боран. Жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с,күндіз екпіні 23-28 м/с. Температура түнде -8...-13°C,күндіз -3...-8°C.

Қарағанды облысында – батысында,төменгі боран,көктайғақ. Оңтүстігінде,шығысында кей жерлерде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с,батысында,шығысында екпіні 15-20 м/с,күндіз солтүстігінде кейде 23-28 м/с. Температура түнде -10...-15°C,шығысында -18°C,шығысында -10°C.

Жамбыл облысында – түнде оңтүстігінде,күндіз тау аймақтарында қар,көктайғақ. Солтүстігінде,тау аймақтарында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с,тау аймақтарында екпіні 15-20 м/с. Температура түнде -3...-8°C,тау аймақтарында -13...-18°C,тау аймақтарында -3...-8°C.