ҚҚС көтерілуіне байланысты жалақы мен жәрдемақы өсе ме? Вице-премьер жауабы

Feb 13, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Премьер-министрдің орынбасары Тамар Дүйсеноваға қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 па

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Тамар Дүйсеноваға қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 пайызға дейін артса,жалақы мен әлеуметтік жәрдемақылар өсе ме деген сұрақ қойылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша,ҚҚС-ті көтеру мәселесі бойынша әлі түпкілікті шешім жоқ,өйткені бизнес өкілдерімен және өңірлік құрылымдармен әлі де талқылаулар жүріп жатыр.

"Бүгін Үкімет отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин бұл ұсыныс әзірге талқыланып жатқанын хабарлады. Біз барлық өңірдің,бизнес өкілдерінің және басқа да құрылымдардың пікірлерін жинаймыз,содан кейін шешім қабылданған кезде ғана айтылады",- деді вице-премьер.

Дүйсенова жұмыс тобының соңғы ұсынысын және олардың есебін күтуді ұсынды.

"Содан кейін оның жалпы әлеуметтік қорғауға және әлеуметтік салаға қалай әсер ететінін айта алуым мүмкін",- деп қорытындылады ол.

Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.

"Үкімет бұл мәселені депутаттармен және сарапшылармен егжей-тегжейлі талқылауы керек. Бүгін айтылған ой-пікірлер де ескеріледі. Мемлекетке барынша оңтайлы шешім қажет. Яғни бір жағынан бизнес жүргізуге кедергі келтірмей,қолайлы жағдай жасайтын,ал екінші жағынан,салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп,бюджет кірісін арттыратын тиімді жолды табуымыз қажет",- деді Президент.