Павлодар облысында жолдағы кемшіліктер үшін жауаптыларға 800 мың теңге айыппұл салынды

Feb 6, 2025 IDOPRESS
ПОДЕЛИТЬСЯ Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 3 миллионнан астам шақырым автожолды тексеріп,анықт

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 3 миллионнан астам шақырым автожолды тексеріп,анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша 137 нұсқама берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде 21 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылып,айыппұл сомасы 800 мың теңгеден асқан.

Олардың қатарында Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерінің басшылары бар. Олар қарамағындағы жол учаскелерін тиісті деңгейде күтіп-ұстау талаптарын орындамаған.

Сондай-ақ,Павлодар – Қызылорда республикалық тасжолында да заңбұзушылықтар анықталып,жергілікті жол пайдалану басқармасының басшысы жауапқа тартылды.

Бұдан бөлек,жолдар мен жол инфрақұрылымын күтіп-ұстауға байланысты басқа да көптеген заңбұзушылықтар анықталған. Барлық жауапты тұлғалар белгіленген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюға міндетті.