Антикор бұрынғы вице-министр Қожағапановтың ісі бойынша тергеуді аяқтады

Jan 6, 2025 IDOPRESS
Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды,- деп

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Антикор Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі және мердігер ұйым басшылығына қатысты ауыр қылмыс жасағаны бойынша тергеуді аяқтады.

"Олар қызметтік өкілетін асыра пайдаланды және 1 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталып отыр.

Биылғы 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді",- делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес,қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.