Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде ескерту жасалды

Dec 27, 2024 IDOPRESS
Синоптиктердің болжамынша,27 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде тұман түсіп,көктайғақ болады,енді б

Синоптиктердің болжамынша,27 желтоқсанда республиканың басым бөлігінде тұман түсіп,көктайғақ болады,енді бір өңірлерде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының оңтүстігінде,батысында,таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ,тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының оңтүстігінде,шығысында,орталығында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында,солтүстігінде,шығысында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз облыстың батысында,шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысының оңтүстігінде,шығысында тұман түседі.

Абай облысының батысында,орталығында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,облыстың батысында,орталығында екпіні секундына 15-20 метрге,Жарма ауданында 23-28 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында,оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең шығысында,оңтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан,оңтүстік-шығыстан соғады,облыстың солтүстік-шығысында,оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысынык солтүстігінде жолдарда көктайғақ болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде,таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады,облыстың оңтүстік-батысында,таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының батысында,оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады,оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында,шығысында бұрқасын. Облыстың батысында,оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады,шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады,күндіз бұрқасын,оңтүстік-батыстан жел соғады,күндіз екпіні 23 м/с-қа жетеді.

Алматы облысының солтүстігінде,оңтүстігінде,таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі.