Алматыда өртсөндірушілер 4 баланы құтқарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Таңертең Наурызбай ауданында Сәкен Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелері өртенген.
ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып,құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты.
Кәсіби өртсөндірушілер өртті дер кезінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.