Абай облысында заңсыз алтын өндірісімен айналысқан "қара алтын іздеушілер" тобы ұсталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ мәліметіне сілтеме жасап.
Абай облысының полицейлері ҚР ІІМ арнайы бөлімшесінің көмегімен Жарма ауданындағы шахта аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға әрекет жасаған топты тоқтатты.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыстық топтың ізіне түсіп,төрт ер адамды ұстады. Олардың жанынан металл іздегіштер,респираторлар,кен тасуға арналған қаптар және шамамен 3 килограмм құрамында алтыны бар кен табылып,тәркіленді",- делінген хабарламада.
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асады. Аса ірі көлемдегі ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Абай облысы Полиция Департаменті (@abai_department_police)