Вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов жұмысқа орналасты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еске салайық,олар қазір сот үкіміне сәйкес,минималды қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Оларға жұмыс уақытына колониядан шығуға рұқсат етілген.
"Аталған сотталғандар Алматыдағы ұйымдарда мекеме әкімшілігі мен жұмыс беруші арасындағы келісімшарт негізінде жұмысқа орналастырылды. Минималды қауіпсіздік мекемелерінде сотталғандар күн тәртібі аясында жұмысқа шығып,колонияға қайта оралады. Мекеме әкімшілігі олардың келіп-кетуі барысында заң талаптарын сақтау және оны бұзудың салдары туралы профилактикалық әңгімелер жүргізіп тұрады",– деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Сондай-ақ,минималды қауіпсіздік мекемелерінде қарапайым жағдайда жазасын өтеп жатқан сотталғандар жатақханаларда тұратыны белгілі болды.
"Оларға мекеме аумағында айына бір қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу өткізуге рұқсат етіледі",– деп толықтырды ҚАЖК.
Айта кету керек,минималды қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқандарға мекеме аумағынан өз бетінше шығып кетуге тыйым салынады.