Алматы облысында сенбі күні үш көлік көлік соқтығысып,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты Жамбыл ауданында,Алматы - Бесмойнақ тасжолының 77-шақырымында болған. Үш көлік соқтығыстып,салдарынан бір адам қаза тауып,екеуі ауыр жарақат алды.
"Mercedes Benz 280 жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып,Ford Focus автокөлігімен,содан кейін инерция бойынша ВАЗ-2114 көлігімен соқтығысты. Жол апатының салдарынан Ford Focus жүргізушісі сол жерде көз жұмды. Түрлі жарақат алған екі жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды",- деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.