Өмір

Шымкенттік аспаздар халықаралық гастрономиялық байқаудан жүлдемен оралды

Nov 26, 2024 IDOPRESS
Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауда Қазақстанның ат

Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауда Қазақстанның атын асқақтатты. "Turkistan Chefs Hub" бірлестігінің аспаздары "Shymkent Tourism Bureau" туристік бюросының қолдауымен "Game of Food GastroAntalya 24" байқауына қатысып,екі алтын,бес күміс және бес қола медаль жеңіп алды. Бұл бірнеше елден жиналған талантты аспаздар арасынан топ жару болды. Олар сайыста өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етіп,жоғары жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Шымкенттік аспаздар Түркияның Анталия қаласында өткен халықаралық гастрономиялық байқауда Қазақстанның атын асқақтатты. "Turkistan Chefs Hub" бірлестігінің аспаздары "Shymkent Tourism Bureau" туристік бюросының қолдауымен "Game of Food GastroAntalya 24" байқауына қатысып,жоғары жетістіктерге қол жеткізіп отыр.

Бұл ауқымды гастрономиялық іс-шара жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік аспаздарды жинайды. Биылғы байқауға 46 санат бойынша 36 елден жүздеген аспаздар мен аспаз боғысы келетіндер қатысқан. Қатысушылар дәстүрлі тағамдарды заманауи әдістермен үйлестіріп,өз елдерінің гастрономиялық мәдениетін таныстыруға тырысқан болса,оның ішінде Шымкенттің гастрономиялық әлеуетін 7 аспаз таныстырып,жетеуі де жүлдемен оралған.

Шымкенттен барған команда байқауда бірнеше санат бойынша жүлделі орындарға ие болды. Олар ұлттық тағамдар санатында ерекше көзге түсіп,қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Команданың негізгі мәзірінде қазақтың ұлттық тағамдары: бешбармақ,қазы-қарта,бауырсақ және түрлі еттен дайындалған тағамдар заманауи тәсілдермен ұсынылды. Әрине,ең басты тағам еттен екені даусыз.

"Біз Қазақстанды мақтанышпен таныстырдық. модерн,қозы тағамы,балық тағамдары өте жоғары бағаланып,көпшілікті сүйсіндірді. Тағам әзірлеу үшін керекті заттардың бәрін жергілікті өзіміздің өнімдерді апардық. Термобокстарға ұқыптап салып,өнімдердің балғындығын,еттің бұзылмауын қадағалап жеткізу оңай болмады. Бәсекелестер мықты болды. Дегенмен еңбегіміз еш кетпеді,- дейді "Turkistan Chefs Hub" бірлестігінің перхиденті Саид Рощаев.

Тартысты фестивальде Түркия,Әзірбайжан,Ресей,Оңтүстік Корея,Марокко,Иран сынды мемлекеттің мықты аспаздары бақ сынасқан.

Ал,қатысушы мамандар жарыс туралы үлкен мақтанышпен әңгімелеп берді.

"Бұл біздің ұжым үшін үлкен жеңіс. Біз қазақ тағамдарын халықаралық деңгейде танытып,олардың бай дәстүрін көрсеткіміз келді. Жүлдеге қол жеткізу – тек біздің емес,бүкіл елдің абыройы деп білеміз",- дейді Қазақстан аспаздар қауымдастығының резиденті Бекнұр Сиязов.

Қазылар алқасы шымкенттік аспаздардың шеберлігіне ерекше таңданыс білдірген. Ұлттық тағамдардың ерекше дәмі мен заманауи көркемдік безендірілуі олардың еңбегін жоғары бағалауға себеп болды. Десе де ол жерде тағамға ерекше дәм беру,тағамдарды сәйкестендіру шеберлігі сыналған.

Іс-шара аясында "Turkistan Chefs Hub" Араб қауымдастығымен екіжақты қарым-қатынасты нығайту,тәжірибе алмасу және гастрономиялық туризмді дамыту мақсатында ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Сондай-ақ,Шымкенттік аспаздар Бакуде өтетін "Алтын Шах" және Ыстамбулда өтетін "Ұлттық тағамдар" фестивальдеріне шақырту алған.

Шымкенттік аспаздар халықаралық деңгейде жеткен жетістіктерін отандық гастрономияның дамуына үлес қосуға пайдаланбақ. Команда алдағы уақытта жаңа жобалар жасап,қазақ асханасын әлемдік деңгейде насихаттауды жалғастырмақ.

Бұл жеңіс – қазақ аспаздық өнерінің әлеуеті мен оның халықаралық деңгейде танылуына тағы бір қадам. Шымкенттік аспаздардың жетістігі болашақта еліміздің басқа аспаздарына да шабыт беретіні сөзсіз.