Өмір

Алматылық қыздың өлімі: полиция тың деректерді жариялады

Nov 18, 2024 IDOPRESS

Бір ай бұрын қазан айының аяғында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының жүрек ауруынан қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі 30 қазан күні Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылғанын хабарлады.

"Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес,өлімге жүрек ауруы себеп болған",- деді полиция.

Айта кетейік,1994 жылы туған Супатаева Әйгерім 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы,Шевченко көшесі,15А үй мекенжайындағы үйінен шығып,сол күйі оралмаған. Полиция қыздың денесі Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен табылғанын хабарлады.