Өмір

Атыраулық блогер жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл арқалады

Nov 17, 2024 IDOPRESS
Атырау қалалық сотында 2 талап қоюшының блогерге ар-намысы мен қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау,м

Атырау қалалық сотында 2 талап қоюшының блогерге ар-намысы мен қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау,моральдық зиян өтемақысын өндіру және жауапкерді әлеуметтік желілерде рұқсатсыз жарияланған фото және бейнежазбаларды өшіруді міндеттеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау қалалық сотында 2 талап қоюшының блогерге ар-намысы мен қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотпен анықталғаны

Блогер талап қоюшыға тиесілі дүкенде тауарларға қатысты жанжал шығарып және барлығын бейнежазбаға түсіріп,бірнеше рет талап қоюшыны ұрған,талап қоюшы өз кезегінде жауапкердің қолынан ұрған. Болған жағдайдың барлығын талап қоюшының қызы бейнежазбаға түсіріп,әлеуметтік желіге жүктеген.

Нәтижесінде екі әйел адам бұзақылық үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған.


Кейін блогер той салтанаты өтіп жатқан мейрамханаға (иесі – талап қоюшы) келіп,оны тікелей эфирде көрсетіп,мейрамханада кәмелетке толмағандар жұмыс жасайды деп көрсеткен. Осының салдарынан жауапкердің кінәсінен той болмай,қонақтар тарап,тапсырыс беруші талап қоюшыға төлем жасаудан бас тартқан.

Блогер талап қоюшының қызы дүкенде болған жанжалдың бейнежазбасын өзінің рұқсатынсыз жүктегенін көрсетіп,талап қоюшыларға моральдық зиянды өндіру және жалған мәліметтерді теріске шығару туралы қарсы талап қою жолдаған.

Сот шешімі

Сот блогерден талап қоюшының пайдасына 850 мың теңге моральдық зиян өтемақысын өндіріп,оны мейрамханада кәмелетке толмағандар жұмыс жасайды деген жалған ақпаратты әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы теріске шығаруды міндеттеді.

Блогердің қарсы талап қоюы ішінара қанағаттандырылды: оның келісімінсіз әлеуметтік желіде жарияланған суретті заңсыз пайдаланғаны үшін талап қоюшылардан 250 мың теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.