Өмір

Қазақстан кейбір өңірлерінде жолдар ашылды

Nov 11, 2024 IDOPRESS
\"ҚазАвтоЖол\" ұлттық автомобиль жолдарын басқару операторы еліміздің кейбір өңірлерінде көлік қозғалысына

"ҚазАвтоЖол" ұлттық автомобиль жолдарын басқару операторы еліміздің кейбір өңірлерінде көлік қозғалысына қойылған шектеулер алып тасталғаны туралы хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық автомобиль жолдарын басқару операторы еліміздің кейбір өңірлерінде көлік қозғалысына қойылған шектеулер алып тасталғаны туралы хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы 11 қарашада сағат 07:00-де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Мамлютка-Қостанай" автожолының 0-180 шақырым аралығында (Мамлютка - Қостанай облысының шекарасы)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 06:00-де Абай облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Алматы-Өскемен" автожолының 615-967 шақырым аралығында (Жетісу облысының шекарасы - Қалбатау ауылы)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 06:00-де Жетісу облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Алматы-Өскемен" автожолының 585-615 шақырым аралығында (Үшарал қаласы - Абай облысының шекарасы)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 07:00-де Қостанай облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Мамлютка-Қостанай" автожолының 180-250 шақырым аралығында (СҚО шекарасы - Ұзынкөл ауылы)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 07:00-де Абай облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Омбы-Майқапшағай" автожолының 587-906 шақырым аралығында (Павлодар облысының шекарасынан Қалбатау ауылына дейін)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 07:00-де Павлодар облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Омбы-Майқапшағай" автожолының 427-587 шақырым аралығында (Кенжекөл ауылы - Абай облысының шекарасы)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 08:00-де Ақмола облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1291-1353 шақырым аралығында (Жібек Жолы төламқы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 07:30-де Абай облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Омбы-Майқапшағай" автожолының 910-1002 шақырым аралығында ( Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 08:00-де Қарағанды облысы бойынша келесі автомобиль жолдарында көлік қозғалысы ашылды: "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлемақы алу пунктіне дейін); "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1426-1446 шақырым аралығында (Теміртау төлемақы алу пунктінен Теміртау қаласына дейін)

2024 жылғы 11 қарашада сағат 08:00-де Ұлытау облысы бойынша келесі автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды: "Қызылорда - Павлодар" автожолының 433-750 шақырым аралығында (Жезқазған қаласынан Жанаарқа ауылына дейін)