Өмір

Қызылордада “Ауыл аманаты“ жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр

Nov 8, 2024 IDOPRESS
Мемлекет басшысының \"Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қабылданған «Ауыл

Мемлекет басшысының "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қабылданған «Ауыл аманаты" жобасы Қызылордада сәтті жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысының "Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қабылданған «Ауыл аманаты" жобасы Қызылордада сәтті жүзеге асырылуда.

"Ауыл аманаты" жобасының мақсаты - ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту,ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді жан-жақты қолдау,аграрлық бизнесті ілгерілету мәселелерін шешуге бағытталған.

Өткен жылы бағдарлама шеңберінде Қызылорда қаласына қарасты кент және ауылдық округтерінде құны 253,1 млн. теңгеге 27 жоба несиелендіріліп,40-тан астам жұмыс орны құрылды.

Мәселен,несие алғандар арасында қалаға қарасты Махамбетов ауылының тұрғыны Сәрсенгүл Аралбаева "Ауыл аманаты" арқылы қол жеткізген 5 млн. теңгеге шұлық өнімдерін шығаратын құрал-жабдықтар сатып алды. Қазір күніне 350-400 дана шұлық сатуда. Жобаға дейін тұрақты табысы болмаған Сәрсенгүл Аралбаева бүгінде жеке кәсіпкер.

Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ,осы ауылдың тұрғыны Алтынкүл Дүйсенғазиева да жүн мен мақтадан көрпе тігіп,өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұл бастамаға 3 млн теңгеден астам несие алған. Қазір ауыл,ауданнан бөлек,өзге облыстардан да тапсырыстар түсуде. Өндіріс цехы айына 20-25 көрпе тігеді.

Осы жоба бойынша Қызылордада жылыжай ісін дамытуды қолға алғандардың қатары артып келеді. Солардың бірі – Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғыны Сейсенкүл Кыдырбаева. Ол "Ауыл Аманаты" бағдарламасы арқылы 7,9 миллион теңге жеңілдетілген несие алып,жаңа жылыжайды іске қосты.

​Тыңнан кәсіп бастаған ауыл тұрғыны 255 шаршы метрді құрайтын жылыжайдан күніне 100 келіге дейін қияр жинап,қала мен ауыл тұрғындарын табиғи өніммен қамтамасыз етеді. Қызанақ өнімдерін да сатуға шығарған.

Кәсіптің көзін тапқан азаматша ауылдың 3 адамын тұрақты жұмыспен қамтыған. Алдағы уақытта үздіксіз өнім алу науқанын енгізу мен лимон өсіруді қолға алу жоспарында бар.

Қарауылтөбе ауылындағы тағы бір кәсіпкер Құрманалиева Ләззат мал шаруашылығын дөңгелетіп отыр. Кәсіпкер жоба аясында 8.6 миллион теңге қаражат алған. Бүгінде 22 бас қой,12 бас ешкі төлдеп,кәсібін дөңгелетуде.

Қызылжарма ауылдық округінің тұрғыны Айнұр Бажакова да игілікті жобаның қолайлығына қызығып,бүгінде "линарлы панель" өндірісін бастаған. Осы жобаға 7 млн. теңге несие алып,қажетті құрал-жабдықтардың 8 түрін сатып алу арқылы жұмыстарын жүйелі жүзеге асыруда.

Осы ауылда өндірісін кеңге жайған "Береке АГРО" кәсіпкерлігі жоба аясында 27,6 миллион теңге несие алып,жем,қаймақ пен сүт,ет өнімдерін шығаратын құрал жабдықтарын алған. Қазіргі кезде жем шығаратын және ет өнімдерін өңдейтін құрал жабдықтары жұмыс жасауда.

Биылғы жылы жоба аясында құны 612,8 млн. теңгені құрайтын 60-тан астам жоба ұсынылып,бірінші лекте 142,13 млн. теңгеге 16 жоба қаржыландырылды. Бұл жобалардың арқасында көптеген жаңа жұмыс орындары ашылуда.