Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия басшысын Қазақстанға шақырды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Шағын құрамдағы кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ухнаагийн Хурэлсух екі елдің ресми делегациялары мүшелерінің қатысуымен келіссөздерді жалғастырғаны хабарланды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президентін келесі жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды",- делінген хабарламада.