Өмір

Қызылордада оқушыны кеудесінен ұрып өлтіріп алған бала сотталды

Oct 29, 2024 IDOPRESS
Қызылордада оқушыны абайсызда өлтіріп алған оқушыға қатысты сот үкімі шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Қызылордада оқушыны абайсызда өлтіріп алған оқушыға қатысты сот үкімі шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қызылордада оқушыны абайсызда өлтіріп алған оқушыға қатысты сот үкімі шықты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл ақпанда 9-сынып оқушысы үйіне жақын жерде өлі табылған еді.

"Кәмелетке толмаған айыпталушы жәбірленушімен жанжалдасып қалған. Күдікті жәбірленушінің кеуде тұсынан екі рет ұрып жіберген. Салдарынан оқушының жүрегі тоқтап,оқиға орнында мерт болған. Кәмелетке толмаған айыпталушы кінәсін толық мойындамады.

Сараптама нәтижесіне сәйкес жәбірленуші соққыдан физикалық жарақат алған",- делінген соттың хабарламасында.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған айыпталушы кінәлі деп танылып,6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.