2024 жылдың III тоқсанында 14 000-ға жуық алтын құйма сатылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк мәліметіне сілтеме жасап.
ҰБ мәліметінше,2024 жылдың III тоқсанында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 475,5 келі 13 940 алтын құйма сатылған.
"Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама қолға алынғалы жалпы салмағы 7,4 тонна 199 235 алтын құйма сатылды",- делінген хабарламада.
Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5,10,20,50 және 100 грамм. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі 24 пайыз – 48 629 дана. Одан кейін 100 грамдық алтын құйма – 47 227 дана (24 пайыз),5 грамдық құйма – 44 127 дана (22 пайыз),20 грамдық құйма – 31 612 дана (16 пайыз),және 50 граммдық құйма – 27 640 дана (14 пайыз).
2024 жылғы III тоқсанда алтын құймалардың ең көп бөлігі мына өңірлерде сатылған: Алматыда (8 101 дана,58 пайыз),Шымкентте (1 279 дана,9 пайыз) және Астанада (1 243 дана,9 пайыз).