18 қыркүйекте Wildberries кеңсесінің маңында атыс болды. Tengrinews.kz тілшісі бұл оқиға маркетплейстің Қазақстандағы жұмысына әсер ете ме,жоқ па анықтап көрді.
РВБ компаниясының басшысы Татьяна Бакалчук "бұл әрекеті үшін кінәлілер заң бойынша,барынша қатаң жазаланады деп сенетінін" мәлімдеді.
"18 қыркүйекте Мәскеуде РВБ орталық кеңсесіне қарулы шабуыл жасалды және рейдерлік басып алу әрекеті жасалды. Біз құқық қорғау органдарының барлық қызметкеріне,бизнес-орталықтың күзетіне және компанияның қауіпсіздік қызметіне кәсібилігі үшін алғыс айтамыз. Олардың әрекеттерінің арқасында ғана ауыр зардаптардан аман қалдық. Осы агрессия әрекетіне кінәлілер заң бойынша,барынша қатаң жазаланады деп сенеміз.
Жағдай компанияның жұмысына және бизнес процестеріне әсер еткен жоқ. Wildberries-тің барлық қызметі,жеткізу пункттері және логистикалық нысандары қалыпты жұмыс істеп тұр,ағымдағы және жаңа тапсырыстар дұрыс өңделіп жатыр және біздің жеткізу пункттерімізде беріліп жатыр",- дейді Tengrinews.kz-ке компанияның баспасөз қызметі берген Татьяна Бакалчуктің мәлімдемесінде.
Еске салайық,атыс салдарынан екі адам қаза тауып,бірнеше адам жараланған. Полиция қылмыстық іс қозғады.