Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Бұдан бөлек,еліміздің тау-кен,металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды.
Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.