Астанадағы мектептердің бірінде оқушылар құрдасын қорлаған. Оқиға видеоға түсірілген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Instagram-да мектеп оқушысын қорлағандардың видеосы жарияланды. Кадрда жасөспірімдердің оқушы бетінен ұрып,теуіп жатқанын көруге болады.
Жазба авторлары оқиға Астанадағы №83 мектеп-гимназияда болғанын алға тартады. Жасөспірімдер тобы басқа оқушыларды үнемі қорқытады деген болжам бар: олар ұрып-соғып,буллинг жасайды. Барлығы 15-ке жуық бала.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше,оқиғаға қатысушылардың барлығы 9-сынып оқушылары,анықталған.
"Оқушылармен ата-аналарының қатысуымен әңгіме жүргізілді,оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нәтижелері бойынша оқушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі",- делінген хабарламада.
Астананың Білім басқармасы оқиғаның 4 қыркүйекте болғанын хабарлады.
"Бүгінде оқушылардың жеке басы анықталды. Мектеп басшылығы жауапты полиция инспекторымен және ата-аналармен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді,оқушылардан сұхбат алынды. Оқушылар мектепішілік бақылауға алынды. Департамент (полиция - еск.) оқушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға береді",- делінген хабарламада.