Маңғыстау облысында полигондағы жиын кезінде сарбаз жарақат алды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Оймаша полигонында "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімшелерінің жиындары кезінде болды. Сағат 17:10 шамасында лагерь,гвардия кезекшісі лейтенант ПМ 9 мм тапаншадан рұқсат етілмеген оқ атып,гвардияның мерзімді қызмет сарбазы,қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиді.
Оқ жарақатын алған сарбаз шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді,бірақ жол бойында сағат 17:40 шамасында қайтыс болды. Ақтау гарнизонының баспасөз қызметінің мәліметінше,қайғылы оқиға қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу салдарынан болған.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып,қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.