Өмір

Достық үйінде жолдауды іске асыру мәселелері талқыға түсті

Sep 8, 2024 IDOPRESS
Достық үйінде жолдауды іске асыру мәселелері талқыға түсті

Достық үйінде жолдауды іске асыру мәселелері талқыға түсті

Достық үйінде жолдауды іске асыру мәселелері талқыға түсті

Шаһардағы Достық үйінде "Әділетті Қазақстанды құру жолындағы ауқымды реформалар" тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Жиынға Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері,қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдар жетекшілері қатысты.

Іс-шарада Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру мәселелері талқыға түсті. Қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Жолдау даму бағытымызды айқындап берген маңызды құжат екенін атап өтіп,қоғамда тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтаудағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына тоқталды.

Бүгінде еліміз Әділетті Қазақстанды құрудың практикалық кезеңіне қадам басып,қоғамда бірлік,ынтымақ,еңбекқорлық,адалдық,қарапайымдылық сынды жаңа құндылықтарды алғашқы орынға шығарды. Ассамблея мүшелері берекелі бірлік жолын жалғау арқылы қоғам игілігіне бағытталған құндылықтарға құрметпен қарап,Қазақстанның өсіп-өркендеуіне лайықты үлес қосып келеді.

Басқосуда қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев биылғы Жолдауда құқық қорғау органдарына нақты тапсырмалар берілгенін айтты. Әділеттілік қағидасына сәйкес,бүгінде шаһарда саябақтар,стратегиялық маңызды нысандар мемлекет меншігіне қайтарылуда. Ендігі ретте Жолдауды кеңінен насихаттап,қолдау баршаға жүктелген міндет.

Сондай-ақ,жиында тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев,Шымкент қалалық ҚХА жанындағы "Ассамблея жастары" қоғамдық ұйымының төрағасы Нұрболат Мейірбеков,ЖОО ғалымдары,Шымкент қалалық ҚХА мүшелері баяндама жасады. Көпшілік ел азаматтарын 6 қазанда өтетін жалпыұлттық референдумге атсалысып,таңдау жасауға үндеді.