ШҚО прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау схемаларын анықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын сақталуын тексеру барысында басқа елдерден азаматтарды көшіру үшін тұрғын үй сатып алуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлаудың қылмыстық схемаларын анықтады.
"Бұл қаражаттың жалған сатып алу-сату келісімдері және үй сатушылармен сөз байласу арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып,ұрланғаны анықталды. Кейбір жағдайларда ұрлық мансап орталықтарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен жүзеге асырылды",- делінген хабарламада.
Мәселен,2024 жылдың басында Моңғолиядан қоныс аударған үш отбасы жалпы сомасы 18 миллион теңге тұрғын үй сатып алуға келісім-шарт жасаса,оның 9 миллион теңгесін қоныс аударушылар келісім-шартқа қол қойғанға дейін төлеген-мыс,ал қалған соманы Орталық сатушылардың есепшотына аударған. Содан кейін сатушылар ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырып,оны қоныс аударғандарға қайтарды,олар жеке қажеттіліктеріне,соның ішінде көлік сатып алуға жұмсады.
"Тағы бір жағдайда қоныс аударушы 8 миллион теңге сомасында үйді сатып алу-сату шартын жасасқан,оның 4 миллион теңгесі экономикалық ұтқырлық сертификаты арқылы төленген. Сонымен бірге,сатып алынған үй қирап,тұруға жарамсыз екені,ақшаны заңсыз алу мақсатында жалған келісім-шарт жасалғаны анықталды".
Осы деректер бойынша облыс прокуратурасы соталды тергеп-тексеруді бастады,тергеу мүддесі үшін қатысқан тұлғалар туралы ақпарат жарияланбайды.