Өмір

Қазақстанда Kaspi.kz-тің қолдауымен ШОБ-ке арналған тренингтер жалғасуда

Aug 29, 2024 IDOPRESS
Қазақстанның ең инновациялық Kaspi.kz компаниясының қолдауымен салық жөніндегі сарапшы Екатерина Ким ШОБ үшін

Қазақстанның ең инновациялық Kaspi.kz компаниясының қолдауымен салық жөніндегі сарапшы Екатерина Ким ШОБ үшін тренинг өткізді. Қатысушылар жалпыға бірдей декларациялау,салық салу және камералдық бақылау мәселелерін талқылады.

Қазақстанның ең инновациялық Kaspi.kz компаниясының қолдауымен салық жөніндегі сарапшы Екатерина Ким ШОБ үшін тренинг өткізді. Қатысушылар жалпыға бірдей декларациялау,салық салу және камералдық бақылау мәселелерін талқылады.

Светлана Косман бухгалтерлік қызметпен 25 жыл бойы айналысады. Салық жөніндегі танымал сарапшының тренингі туралы ол әлеуметтік желілерден біліпті. Айтуынша Екатерина Киммен болған бизнес-кездесуде ол тіпті өзі сұрауға ойланбаған сұрақтарға да жауап алған.

"Шеберлік - дәрісіне өте ризамын. Бұрын мұндай кездесулерге елемейтінмін. "Онда адам көп,не тыңдауға болады?",деп ойлайтынмын. Қатысу керек екен. Өзіңде сұрақ жоқ екеніне сенімді болсаң да,келіп,тыңдап,жаңа білім алған жөн. Жеке өз басым заңды тұлғалар үшін жалпыға бірдей декларациялау және камералдық бақылау бойынша сондай ауқымды жауаптар болатынын күтпеген едім",- дейді Светлана Косман.

Шеберлік дәрісінде қойылған сұрақтар негізінен жалпыға бірдей декларациялау және камералдық бақылауға қатысты болды. МКД мамандарының айтуынша,Алматыда 342 мың азамат салық декларациясын тапсыруы тиіс. 22 тамызға дейін декларацияны 57 пайызы толтырған.

"15 қыркүйек — декларация тапсырудың соңғы күні. 3-кезеңге кіретін тұлғалар декларация тапсыруы керек. Осыған байланысты,біз барлық азаматтарды соңғы сәтті күтпей,декларацияларды алдын ала тапсыруға шақырамыз. Қалған азаматтардың да уақтылы тапсыратынына үміттенеміз",- дейді Алматы Мемлекеттік кірістер басқармасының өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Дәурен Ерғалиев.

Салық жөніндегі сарапшы Екатерина Ким ШОБ -ке арналған тренингтерді Қазақстанның түкпір-түкпірінде өткізуді жоспарлап отыр. Қай қалада өтетіні,күні мен уақыты туралы ақпаратты парақшасында жариялайды.

"Kaspi.kz қолдауымен ШОБ үшін тренингтер өткіземіз. Бұл - Қазақстан бойынша ауқымды іс-шара. Салық төлеушілер Қазақстандағы салық бойынша ең үздік сарапшылардан тегін кеңес ала алады. Мұндай іс-шаралар адамдар үшін,халық үшін,бизнес үшін өте пайдалы,өйткені жалпыға бірдей декларациялау мен салық кодексіне енгізілген өзгерістер бойынша сұрақтарға жауап алуға көмектеседі",- деп түсіндіреді Екатерина Ким.

Бұған дейін Kaspi.kz қолдауымен ШОБ-ке арналған оқу,бизнес-кездесулері Алматы,Шымкент,Талдықорған,Қонаев және Қарағанды қалаларында өткізілді. Ал Астанада ең ірі Салық Форумы өтті. Оған оффлайн мың адам,онлайн 2,5 мың адам,сондай-ақ Қаржы министрлігінің,МКК және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.