Талдықорғанда педофилия бойынша күдікті қамауға алынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін аймақ полицейлері Ақсу ауданының 40 жастағы тұрғынын жеті жасар балаға қатысты жыныстық қатынасқа күдікпен ұстаған болатын. Істі Жетісу облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды.
Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес,ер адам бұрын Amanat партиясының аудандық филиалын басқарған,аудандық мәслихаттың депутаты болған. Осы тұста БАҚ депутат Серікқан Жақыповтың есімін атады. Облыстық партия филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше,аталған адам биыл 1 тамызда өз өтініші бойынша партия қатарынан кетті.
Жергілікті мәслихаттың сайтында Серікхан Жақыпов әлі де VIII шақырылған аудандық мәслихаттың депутаты ретінде белгіленген. Туған күні бағанында 1964 жыл (60 жас) көрсетілген,бұл ретте полицияда 40 жастағы күдіктінің ұсталғаны туралы хабарланған. Сайтта оның туған күні дұрыс көрсетілмеуі мүмкін,өйткені дәл осындай күн көрші тізімде орналасқан басқа депутатта көрсетілген.
Мәслихат сайтынан скриншот
Сот күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланғанын хабарлады. Сот күдіктінің атын нақтыламады,алайда оның тегі Ж. әрпінен басталатынын көрсетті.
"Сот қаулысымен тергеу органдарының Ж. қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініші екі ай мерзімге қанағаттандырылды. Күдікті 40 жаста. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ",- деді облыс сотының баспасөз хатшысы Нұрсұлтан Орынбасаров.
Бұған дейін Жетісу облысы партиясы филиалының баспасөз хатшысы Қымбат Сейдахмет әлеуметтік желіде тараған ақпарат тиісті түсініктеме беріліп,мұқият тексерілетінін хабарлады.
"2024 жылдың тамыз айының басынан бастап Жетісу облысы бойынша партия филиалдарының жұмыс істеп жүрген қызметкерлерінің ешқайсысы қандай да бір қылмыстық іс бойынша күдіктілерге әкімшілік жауапкершілікке тартылған жоқ. Жетісу облысы Аmanat партиясы Ақсу аудандық филиалының бұрынғы басшысына қатысты ол биыл 1 тамызда берілген өтініш негізінде өз еркімен жұмыстан шықты",- деп хабарлады бұған дейін Қымбат Сейдахмет.