Қызылорда облысы Сырдария ауданының далалық жерінде ірі есірткі алқабын анықтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға орнында 22 жастағы екі тұрғын ұсталды. Тексеру барысында жедел-тергеу тобы құрамында есірткі бар өсімдіктердің 1237 түбін анықтады. Полицейлермен оқиға орнында ірі есірткі алқабынан бөлек ыдыс-аяқтар,есірткі затын өсіруге және тұтынуға арналған құрал-саймандар: шланг,су айдауға арналған мотор,бензин,қапқа салынған тынайтқыш және патрондарымен 16 калибрлі қос ауызды тіркеуде жоқ аңшы мылтығы анықталды.
Сонымен қатар,1237 түп сораның жалпы салмағы сараптама қорытындысына сәйкес 503 келі болып шықты. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді. Қылмыстық іс сотта қаралып,айыпталушылар өзінің кінәсін мойындады. Олар кінәлі деп танылып,4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.