Қарағанды - Балқаш тасжолында болған жол апаты видеоға түсіп қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
16 тамызға қараған түні Қарағанды - Балқаш тасжолында,Спасск кентінен екі шақырым жерде Hyundai Elantra және "ГАЗель" автомобильдерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан 32 жастағы шетелдік көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 35 жастағы "ГАЗель" жүргізушісі және оның екі жолаушысы,сондай-ақ Hyundai Elantra-дан үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан кадрлар пайда болды.
View this post on Instagram
A post shared by Караганда | Новости | Дороги (@dorogi_karagandy)
View this post on Instagram
A post shared by ekaraganda.kz Караганда (@ekaraganda.kz)
"Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды,қажетті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды облысының полициясы жүргізушілерді мұқият болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады",- деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.