Өмір

Елімізде 1 қыркүйектен бастап жаңа комитет жұмысын бастайды

Aug 18, 2024 IDOPRESS
1 қыркүйектен бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан мемлекеттік еңбек инспекцияс

1 қыркүйектен бастап еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөніндегі республикалық кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмәди Сарбасов 6 тамызда Үкіметтің мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті мен оның аумақтық департаменттерін құру туралы қаулысы қабылданғанын еске салды.

"Комитет пен оның аумақтық департаменттерін құру,штаттарды жасақтау жұмыстары тамызда аяқталады. 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік еңбек инспекторлары штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Тамыздың соңына дейін комитет пен жергілікті атқарушы органдар барлық қажетті заңдық және техникалық рәсімді аяқтайды. Бұл еңбек заңнамасының сақталуына және қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді",- деп түйіндеді вице-министр.

Еске салайық,бұған дейін Қазақстанда Ішкі істер министрлігі жанынан жаңа комитет құрылатыны хабарланған болатын.