Өмір

Табиғи парктердің бірінде 8 миллион теңге жымқырылған

Aug 16, 2024 IDOPRESS

Қазынашылық департаментінің қызметкерлері мен табиғи парк бухгалтерлері сөз байласты деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазынашылық департаментінің қызметкерлері мен табиғи парк бухгалтерлері сөз байласты деген күдікке ілінді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркістан облысының прокуратурасы Қазынашылық департаментінің қызметінде заңдылықтың жүйелі бұзылатынын анықтады. Атап айтқанда,Департамент лауазымды адамдары "Сырдария - Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ (бұдан әрі - КММ) бухгалтерлерімен келісіп,КММ қызметкерлерінің штат санын негізсіз ұлғайту арқылы 8 миллион теңгеден астам қаражат бөлді",- делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Бұл дерек соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне істің егжей-тегжейін түсіну тапсырылды.

Прокуратура қаржы министрлігіне қадағалау актісін енгізген басқа да бұзушылықтарды анықтады.