ҰҚК Қазақстан - Ресей шекарасына қатысты мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметі 15-28 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлады.
Көрсетілген кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған.
"Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді,ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз",- делінген хабарламада.