Өмір

Балалар орталығының қызметкері ата-аналар берген миллиондарды жымқырған

Aug 13, 2024 IDOPRESS
Қостанай облысының прокуратурасы балаларға жолдама беру туралы қылмыстық істің тергеуін аяқтады,- деп хабар

Қостанай облысының прокуратурасы балаларға жолдама беру туралы қылмыстық істің тергеуін аяқтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қостанай облысының прокуратурасы балаларға жолдама беру туралы қылмыстық істің тергеуін аяқтады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рудный қаласының прокуратурасымен "Рудный қаласының білім бөлімінің" Балалар тәрбие-сауықтыру кешені" КМҚК қызметін тексеру барысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау дерегі анықталған.

"Осы факт бойынша арнайы прокурорлар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізді,яғни сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену немесе ысырап ету.

Тергеу барысында балалар кешенінің қызметкері 2022-2023 жылдар кезеңінде балалардың сауықтыру орталықтарына жазғы маусымға жолдама сатып алғаны үшін азаматтардан алынған 18 миллион теңгеден астам ақшалай қаражат иемденгені анықталды",- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта соталды тергеу аяқталды,қылмыстық іс сотқа жіберілді.