Семей №2 сотында судьяны қорлау түрінде сотты құрметтемеген сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап.
Сотталушы ашық сот талқылауында сот актісін жариялау және оның мәнін түсіндіру кезінде соттың апелляциялық үкімімен келіспей,судьяның атына,оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып,әдепсіз сөздер айтқан.
"Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтары,сотталушының сөзінде ар-намыспен қадір-қасиетті әдепсіз түрде қорлау белгілері расталған сот психологиялық-филологиялық зерттеуінің қорытындысымен дәлелденді",- делінген хабарламада.
Сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып,сотталушыға алдыңғы сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын өтегеннен кейін орындау шартымен 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.