Ақтөбе облысы Хромтау қаласындағы үш қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде жеке заттар өртенді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үйдегі өрт сөндірілді.
"ТЖМ құтқарушылары үш тізелі баспалдақтың көмегімен 15 адамды,оның ішінде 6 баланы құтқарды. Баспалдақпен 40 адам эвакуацияланды,оның ішінде 12 бала",- деп хабарлады ТЖМ.
Бұған дейін құтқарушылар Алакөл көлінің жағасына өз бетінше жете алмаған 8 туристі жағаға жеткізген болатын.