Желіде 17 шілдеде таңғы сағат 04:18-де №32 жолаушылар автобусының жүргізушісі кері бұрылған кезінде жеке үйдің қоршауына кіріп,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сондай-ақ,видео авторы көлік жүргізушісінің мас болғанын айтты.
Алматы Полиция департаменті Түрксіб ауданында қоғамдық көлік жол-көлік оқиғасына ұшырағанын хабарлады.
"ЖКО дерегі тіркелді,тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апатының басқа жағдайлары анықталып жатыр",- деді ведомство өкілдері.
@nuriddin.1986_ #дтп #алматыказахстан #автобус #сак #бол #кудай #сактасын ♬ оригинальный звук - Нуриддин
Жағдайға қатысты "АлматыЭлектроТранс" ЖШС пікір білдірді.
"Бұл факт тіркелді,істің мән-жайы белгіленеді. Тергеу нәтижелері бойынша жүргізушінің кінәсінің дәрежесі туралы баға беріледі",- деді компанияның баспасөз қызметі.