Алматыдағы аудандардың бірінде суық су уақытша өшіріледі,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Медеу ауданы әкімдігі мәліметінше,Алматыда 16 шілдеде сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін су желілеріндегі жабдықтарды ауыстырады.
"Осы уақытта Медеу ауданында: Достық даңғылы,Қажы Мұқан көшесі,Назарбаев даңғылы,Сәтбаев көшесі,сондай-ақ Самал-1,Самал-2 және Самал-3 шағынаудандарының шекарасында суық су өшіріледі. Жұмыстан кейін су уақытша өзгеруі мүмкін. Кір жуғыш немесе ыдыс жуғыш машиналарды су толығымен шайылғанша пайдаланбаңыз",- делінген хабарламада.
Алматылықтардан мәжбүрлі уақытша қолайсыздыққа түсінікпен қарау сұралады.