Жыл сайын жазғы уақытта Қазақстанда жүк көліктері қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі. "ҚазАвтоЖолда" бұл шаралар жол жабынын сақтауға және жоғары температура жағдайында жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталғанын хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шектеулердің мерзімі өңірлерге байланысты 1 маусымнан 31 тамызға дейін,1 маусымнан 15 тамызға дейін енгізіледі. Жыл сайын 1 маусым мен 31 тамыз аралығында,ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
Алматы облысы;
Атырау облысы;
Жамбыл облысы;
Жетісу облысы;
Ұлытау облысы;
Қызылорда облысы;
Түркістан облысы;
Маңғыстау облысы.
Жыл сайын 1 маусым мен 15 тамыз аралығында,ауа температурасы 25°С жоғары болған кезде сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін келесі аймақтарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі:
Абай облысы;
Ақмола облысы;
Ақтөбе облысы;
Шығыс Қазақстан облысы;
Батыс Қазақстан облысы;
Қарағанды облысы;
Қостанай облысы;
Павлодар облысы;
Солтүстік Қазақстан облысы.