Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанда алдағы уақытта қандай номиналдағы банкноттар жаңартылады деген сұраққа жауап берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жақында "Сақ стилі" сериясынан 10 мыңдық купюра айналымға шықты,оның алдында 5 мыңдық болды. Келесі қандай банкнота кезекте?" - деп сұрады журналистер Сүлейменовтен Ұлттық банкте өткен брифингте.
"Қалғанының бәрі (...) Қателеспесем,ол купюралар бойынша емес қой,бірден бүкіл купюра желісі бойынша ауысады. Яғни,бес,он және қалғаны (олардан кейін – еск.) кетеді: екі мың,мың (теңге)",– деп жауап берді Сүлейменов.